Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының XXV сессиясының 2010 жылғы 8 қарашадағы N 282 шешімі. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 желтоқсанда N 8-16-66 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының XXX сессиясының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі N 360 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының XXX сессиясының 2011.09.16 N 360 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабын басшылыққа ала отырып және Ұлытау ауданы бойынша салық басқармасының ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан төмендегі елді мекендер бойынша жер учаскелері үшін жер салығының ставкалары бір шаршы метрге мына мөлшерде белгіленсін:
      Ақтас, Қарсақпай, Жезді кенттерінде – 0,96 тг. х 10 есе = 9 теңге 60 тиын.
      Ұлытау селосымен басқа да селолық округтерде – 0,48 тг. х 10 есе = 4 теңге 80 тиын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ақтаев

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Т. Сейтжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ұлытау ауданының әкімі                     Ә. Омаров

      Ұлытау ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы                Ә. Жандарбеков
      17.11.2010 ж.

      Ұлытау ауданының кәсіпкерлік
      бөлімінің бастығы                          Г. Ауғанова
      15.11.2010 ж.

      Ұлытау ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы      Д. Жұманов
      17.11.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады