2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Приозерск қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 1/2 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 ақпанда N 8-4-167 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 5/15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.03.09 N 5/15 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың кіріс алуы үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Приозерск қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З.А. Медетбекова):
      1) бекітілген тізбе бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізу үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелермен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбекақы мөлшері, қаржыландыру көздері және жұмыс түрлері мен нақты жұмыс шарттары көрсетілген келісім-шарттарға отыруды іске асырсын;
      2) 2010 жылы қалалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізбесіне сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
      3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын;
      4) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздарға ең төменгі бір еңбекақы мөлшерінде төленсін.
      3. "Приозерск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.К. Қошқаралиев) бекітілген бюджетке сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.А. Казиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Приозерск қаласының әкімі                  Н. Бікіров

Приозерск қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 26 қаңтардағы
N 1/2 қаулысына
қосымша

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Приозерск қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі

N

Мекемелердің атаулары

Адам саны

Жұмыстың түрлері

Қаржыландыру көзі

Жұмыс көлемі, ай

1

2

3

4

5

6

1.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Курьерлік жұмыс, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату.

Приозерск қаласының бюджеті

3

2.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы"

20

Қаланы көркейту, тазарту, көгалдандыру.

Приозерск қаласының бюджеті

3

3.

Қарағанды облысы "Приозерск қалалық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі

10

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

4.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалы N 0805 Приозерск қалалық бөлімшесі

6

Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, зейнеткерлерге ескертпелер тарату.

Приозерск қаласының бюджеті

3

5.

"Қарағанды облысы бойынша салық Департаменті Приозерск қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

8

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламалар тарату.

Приозерск қаласының бюджеті

3

6.

"Қарағанды облысының статистика Департаментінің Приозерск қалалық статистика Басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу.

Приозерск қаласының бюджеті

3

7.

"Қарағанды облыстық мұрағаттар және құжаттама бөлімі Приозерск қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

8.

"Приозерск қаласы N 1 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

9.

"Приозерск қаласы N 2 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

10

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

10.

"Приозерск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

11.

"Приозерск аумақтық сот шешімдерін орындаушылар учаскесі" мемлекеттік мекемесі

8

Атқару бойынша іс-қағаздар хабарламаларын тарату.

Приозерск қаласының бюджеті

3

12.

"Приозерск қалалық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

13.

"Ауыл шаруашылығы Министрлігі Қарағанды облыстық аумақтық Инспекциясы Приозерск қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

4

Жеке меншік мал басы, үй жануарлары, құстар есебінің кітабын жүргізу.

Приозерск қаласының бюджеті

3

14.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы Министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет департаменті Приозерск қаласының өртке қарсы қызмет бөлімі

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

15.

"Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Приозерск қаласы бойынша бөлімі

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

16.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

20

Тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасау, құжаттарды тіркеу.

Приозерск қаласының бюджеті

3

17.

"Қарағанды облысы Приозерск қалалық соты" мемлекеттік мекемесі

12

Хабарлама қағаздарын, ескертулерді тарату.

Приозерск қаласының бюджеті

3

18.

Балқаш қаласы әділет басқармасының N 2 АХАЖ қызметі

4

Компьютерлік база, мұрағаттық құжаттармен жұмыс.

Приозерск қаласының бюджеті

3

19.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

20.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

21.

"Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің Қарағанды облыстық қылмыстық - атқару жүйесі комитеті басқармасының Приозерск қалалық қылмыстық - атқару инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағатты құжаттармен жұмыс.

Приозерск қаласының бюджеті

3

22.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

23.

"Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

8

Объектілерді есепке алу, құжаттарды тіркеу т.б.

Приозерск қаласының бюджеті

3

24.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

25.

"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

6

Жеке меншік мал басы, үй жануарлары, құстар есебінің кітабын жүргізу

Приозерск қаласының бюджеті

3

26.

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Приозерск қаласының филиалы

4

Компьютерлік база, мұрағаттық құжаттармен жұмыс.

Приозерск қаласының бюджеті

3

27.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

28.

"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру бөлімі "Айналайын" бөбекжай – бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

29.

"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру бөлімі "Балбөбек" бөбекжай – бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

30.

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің "Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорының шаруашылық жүргізу құкығындағы Қарағанды еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Приозерск жер - кадастрлық филиалы

8

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

31.

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Диспетчерлік жұмыс, коммуналдық сұрақтар бойынша қала тұрғындарының хаттарын қабылдау.

Приозерск қаласының бюджеті

3

32.

Қарағанды облысы Приозерск қаласы білім беру бөлімінің Приозерск қаласы әкімдігінің "Өнер және спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау

Приозерск қаласының бюджеті

3

33.

Балқаш қаласы Әділет басқармасының N 2 Халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша ұйымдастыру бөлімі

4

Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау

Приозерск қаласының бюджеті

3


БАРЛЫҒЫ

250




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады