Приозерск қаласында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 1/3 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда N 8-4-169 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамызда N 27/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.08.11 N 27/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, нысаналы топтар санатына жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздар үшін алты ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Приозерск қаласы кәсіпкерлерінің тізбесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (З.А. Медетбекова):
      1) бекітілген тізбеге сәйкес, қаланың жеке кәсіпкерлерімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту жөніндегі үлгілік шарт жасауды іске асырсын;
      2) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс істеуге келіскен жұмысқа жіберуді іске асырсын;
      3) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек ақысы осы мақсатқа арналған бюджеттік қаржыдан төленсін;
      4) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек ақысын жұмыс берушілер қаражаты есебінен Қазақстан Республикасында ең төменгі еңбек ақының 50 пайызы мөлшерінде төлеу ұсынылсын.
      3. Приозерск қаласы әкімінің қаржы бөлімі (Қ.К. Қошқаралиев) бекітілген бюджетке сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.А. Қазиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Приозерск қаласының әкімі                  Н. Бікіров

Приозерск қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 26 қаңтардағы
N 1/3 қаулысына
қосымша

Нысанды топтың жұмыссызы үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Приозерск қаласының кәсіпкерлердің тізбесі

N

Жеке кәсіпкерлердің атауы

Жұмыс түрлері

Адам саны

1.

Жеке кәсіпкер "Варламов"

Жан-жақты жұмыскер

8

2.

Жеке кәсіпкер "Калауова"

Жан-жақты жұмыскер

4

3.

Жеке кәсіпкер "Нестерова"

Жан-жақты жұмыскер

4

4.

Жеке кәсіпкер "Джакияева"

Жан-жақты жұмыскер

4


Барлығы


20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады