Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 13 сәуірдегі мәслихатының N 29/9 қала әкімдігінің N 2781 бірлескен шешімі мен қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 мамырда N 10-1-135 тіркелді

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 26/4 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 18.02.2014 N 1610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 наурыздағы N 2/2, 2010 жылғы 30 наурыздағы N 3/1 ұйғарымдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласындағы "Федор Киняев – 1", "Федор Киняев – 2" көшелері Мешітбай Қаржаубаев есімімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан (мал базар қиылысы) көше Смағұл Ысқақов есімімен аталсын.
      3. Қызылорда қаласындағы Ізмұхамед Еділбаев көшесі Нұрділдә Сыздықов есімімен аталсын.
      4. Қызылорда қаласындағы Михаил Фрунзе тұйығы Әбди Асаубаев есімімен аталсын.
      5. Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков көшесінің аяқталған тұсынан дария жағалауындағы (халыққа қызмет көрсету орталығы бағыты) атауы жоқ көше Есен Демесінұлы Демесінов есімімен аталсын.
      6. Қызылорда қаласындағы Чиже Сан Тин атындағы көшесі Бауыржан Момышұлы есімімен аталсын.
      7. Қызылорда қаласындағы Төле би көшесіне параллель Яссауи көшесіне перпендикуляр орналасқан бірінші көше Жұмабай Бәкішев есімімен аталсын.
      8. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы параллель орналасқан үшінші көше Күдеріқожа Көшекұлы есімімен аталсын.
      9. Титов мөлтек ауданы бойынша: Көшеней Рүстембеков көшесінің сол жағынан перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 200 м – 640 м аралығы) атауы жоқ көше аралығын 9 көше "Жаңақұрылыс-1", "Жаңақұрылыс-2", "Жаңақұрылыс-3", "Жаңақұрылыс-4", "Жаңақұрылыс-5", "Жаңақұрылыс-6", "Жаңақұрылыс-7", "Жаңақұрылыс-8", "Жаңақұрылыс-9" атауымен тиесілінше аталсын.
      10. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі                     М. Ергешбаев

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      кезекті ХХІХ сессиясының төрағасы             И. Мұсабаев     

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                          И. Құттықожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады