"Он сегізден жиырма жеті жасқа дейнгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 07 маусымдағы N 3207 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 24 маусымда N 10-1-144 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Қызылорда қаласында 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамына:
      Жәлиев Нұрхан Бұқарбайұлы – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
      Омаров Балтабай – "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін;
      аталған комиссия құрамынан Мұхимов Абзал Сансызбайұлы, Искаков Ұлан шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                     М. Ергешбаев     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады