Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 05 наурыздағы N 147 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 09 сәуірде N 10-3-155 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы N 208 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011.03.14 N 208 Шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін" басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің қағидасы" қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесі туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 4 мамырдағы кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының N 228 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-3-102 нөмірімен 04.05.2007ж. тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 24.05.2007ж. N 40 шығарылымында жарияланған) және аталған шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті төртінші сессиясының N 24 шешімінің (нөрмативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-3-111 нөмірімен 28.12.2007ж. тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 04.01.2008ж. N 2 шығарылымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.
      3.1. тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі от жағатын қысқы мезгіл уақытында 10 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленсін
      Ескерту. 3-1 тармақпен толықтырылды - Қызылорда облыстық Арал аудандық әкімдігінің 2010.10.27 N 18 Шешімімен.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс жиырма үшінші
      сессиясының төрағасы                            М.Балманов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                    Ә.Әуезов

Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
      5 наурыздағы кезектен тыс жиырма
үшінші сессиясының N 147 шешіміне
қосымша           

Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын
үй көмегін көрсету тәртібінің
ҚАҒИДАСЫ

      Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 335 бұйрығы басшылыққа алып әзірленді.
      Ескерту. Қағидаға өзгерту енгізілді - Арал аудандық мәслихатының 2010.09.07 N 180 Шешімімен

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың бір нысаны болып табылады.
      2. Жергілікті атқарушы органдар аталған жерлерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары белгіленген шығыстардың рұқсат етілген деңгейінен асып кеткен көлемде тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      3. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленген.
      4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.
      5. От жағатын қысқы мезгіл 15 қазаннан бастап, келесі жылдың 15 сәуіріне дейін белгіленген.

      2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      6. Тұрғын үй көмегі "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы беріледі.
      7. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын кенттің, ауылдық округтің әкіміне тапсырады.
      8. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегін алуға мынадай отбасылардың құқы жоқ:

І-ІІ топтағы мүгедектер және 80 жастан асқан қарияларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын адамдарды, күндізгі оқу нысанындағы оқитын оқушылар мен студенттерді қоспағанда, отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті азаматтары бар отбасылары;
      1) жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер;
      2) ұсынылған жұмыстан бас тартқандар және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар 6 ай мерзімге тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.

3. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін коммуналдық қызметтер

      10. Қызмет түрлері:
      1) Орталықтандырылған жылу.
      2) Электр қуатымен қамтамасыз ету.
      3) Сумен жабдықтау.
      4) Жеке газбен (балонмен) қамтамасыз ету.
      5) Қатты отын (көмір).
      6) Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін
абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы.

4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      11. Тұрғын үй көмегі "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан аспауға тиісті.
      12. Тұрғын үй көмегі арыз берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызметтер мөлшері мен тарифтері өзгерген жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізеді.
      13. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік
нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез
келген өзгерістер туралы сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген
жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жалған мәліметтерді әдейі бергені, оның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы көмек алу құқығынан айырылады ал, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      Көмектің мөлшері жалға алушының (меншік иесі) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

5. Тиісті құжаттардың тізбесі

      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) тұрғын үй көмегін алуға өтініші;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      6) отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, азаматтың қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

6. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы

      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға
алушының (меншік иесінің) жоғарыда көрсетілген құжаттарының негізінде
15 күн ішінде қабылданады.
      16. Ұсынылған құжаттардың негізінде, отбасына келісім шарт жасалынып, оған есептелінген көмек есебі енгізіледі. Келісім шарт екі данада жасалынып, оның біреуі тұрғын үйді жалға алушыда (меншік иесінде) сақталады. Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
      17. Ақпараттың растығына күмән туған жағдайда "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі сұрау салуға құқылы ал, заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алушы үміткерлердің табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
      18. Даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда
тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның
қарауына енгізілуі мүмкін.

7. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері

      19. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына:
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының

3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
      20. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
      бас бостандығынан айырылғандар;
      интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      21. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда
өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
      22. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй
көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
      1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын, ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
      2) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорын қорларынан төленетін зейнетақылар, шәкіртақылар, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; бұрынғы белгіленген жеңілдіктер орнына арнайы мемлекеттік жэрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; қаржыландыру көзіне байланыссыз жәрдемақылардың басқа түрлері; өтемақы жэне әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
      4) денсаулығына келтірілген зардаптармен жэне басқа зақымдар
шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен алынған табыстар;
      7) ресми расталмаған, әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынатын азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;
      8) балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      9) 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі жөнінде берілетін жәрдемақы;

8. Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін есептеу

      23. Аудан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтамасыз
етілген отбасыларына төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізілсін:
      1) электр қуаты 1 айға 1 адамға 45 квт/сағ, 2 адамға 90 квт/сағ, 3 адамға 135 квт/сағат, 4 адамға жэне одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 150 квт/сағат;
      2) газды пайдалану 1 айға 4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 кішкентай балон, салмағы - 10 кг, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 үлкен балон, салмағы - 20 кг;
      3) ауыз су пайдалану 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша;
      4) Су құбырлары жүргізілмеген елді мекендердің тұрғындарының
пайдаланған ауыз суының мөлшері мен құны ауыл әкімдерінің берген есебі бойынша;
      5) Орталықтан жылытылатын тұрғын үйдің отбасылары үшін жылуға 1 адамға 1 айға 18 шаршы метр;
      6) Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу;
      7) Қатты отын (көмір) пайдалану әр отбасына от жағатын қысқы мезгілде үш адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 айға 0,5 тоннадан, төрт адамға және одан көп мүшелері бар отбасыларға 1 айға 1 тоннадан;
      8) сумен жабдықтау бойынша - суық және ыстық суды тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілеген 1 адам айына тұтынатын нормативтен (текше метр) артық емес. Есептеу құралдары болмаған жағдайда көрсетілген нормативтер қолданылады;
      9) электрмен жабдықтау бойынша - электр энергиясын тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілеген 1 адам айына тұтынатын нормативтен (квт/сағат) артық емес.

9. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      24. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
      25. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау уәкілетті органдардың анықтамасымен жүргізіледі.
      26. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне "Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жауапты
болады.

10. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және төлеу

      27. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдарға беріледі.
      28. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленетін қаржыны төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады