Жанқожа батыр ауылындағы атауы жоқ көшеге Ескенебаев Аралбайдың атын қою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 08 қарашадағы N 15 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 14 желтоқсанда N 10-4-130 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа алып, Жанқожа батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және аудандық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 6 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Жанқожа батыр ауылының солтүстік-батыс жағындағы атауы жоқ көше Ұлы Отан соғысының ардагері Ескенебаев Аралбай атындағы көше болып аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арықбалық ауылдық
      округінің әкімі                             С. Меңдібай


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады