"Қоғалыкөл ауылдық округінде жануарлардан жұқпалы бруцеллез ауруы шығуына байланысты профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 625 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 118 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 23 сәуірде N 10-8-119 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабына және "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығының 14-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қоғалыкөл ауылдық округінде жануарлардан жұқпалы бруцеллез ауруы шығуына байланысты профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 625 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының тақырыбындағы және 1 тармақтағы "Қоғалыкөл ауылдық округінде" деген сөздер "Қоғалыкөл елді мекенінің белгіленген шекара шегінде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
      3. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              С.Тәуіпбаев

      "КЕЛІСІЛДІ" 
      Аудандық аумақтық инспекциясының
      бас мемлекеттік ветеринариялық
      инспекторы _________________ Бекзат Мұсағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады