Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 875 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 11 наурызда N 10-9-107 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 1335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.02.11 N 1335 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдері туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 27 наурызында N 10-9-82 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 11 сәуірдегі N 33 /7649/ санды шығарылымында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Нұсқаулықтың 3 тармағындағы "Әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына аудандық "Қаз Пошта" байланыс торабы арқылы аударылады" - деген сөздер "Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мүбараковқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Н. Нәлібаев

2009 жылғы 23 ақпандағы 
N 417 қаулысымен бекітілген
қосымша        

Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығы 1. Жалпы ереже

      1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша
жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер
бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен
мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-дағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қазатапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді.
      2. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындап, төлеу "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі.

2. Коммуналдық қызмет түрлері және телефон байланыс шығындары.

      1. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын (қосымша есебіне сәйкес) төмендегі коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша тағайындалады.
      1) Электр жарығы;
      2) Жылу қызметі;
      3) Ауыз және аяқ су қызметтері;
      4) Газ қызметі;
      5) Канализация;
      6) Қоқыс шығару шығындары;

3. Қаржыландыру және төлеу.

      1. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі болып табылады.
      2. Телефон байланысы үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы: Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі.
      3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1)өтініш;
      2)жеке басын куәландыратын құжат;
      3)азаматтарды тіркеу кітабы;
      4)Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің және соларға
теңестірілген адамдардың, тылдағы қажырлы еңбек еткен азаматтардың құқығын растайтын марапатталған ордендері мен медальдарының куәліктерінің көшірмелері немесе оны растайтын құжаттары.
      4. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
      5. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады. Нұсқаулыққа сәйкес бұл көмек бойынша бюджеттен бөлінген қаржы көлемінен артық кредиторлық қаржы жинақталмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады