Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданында орналасқан көшеге Әбілқасым Палымбетовтың есімін беру туралы" N 789 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 1105 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 25 қаңтарда N 10-9-189 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданында орналасқан көшеге Әбілқасым Палымбетов есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 21 қаңтардағы N 10-9-103 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2010 жылдың 27 ақпанда N 27 санымен жарияланған) N 789 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
      1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                               М. МОЛДАБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады