"Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 218 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 01 шілдеде № 2072 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.08.18 № 244 қаулысымен
      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 1973 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 18 тамызында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесінде «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      1-тараудың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін Объектілер, кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
      Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Тендер өткізбестен жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Қыраубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады