"Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 28/190 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 32/242 шешімі. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 08 желтоқсанда № 11-2-147 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 7/68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012.07.25 № 7/68 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 2) - тармақшасына, 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6 - бабының 4 - тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару» Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 15) - тармақшасын басшылыққа алып, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 7 мамырда 11-2-137 - нөмірмен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің 2010 жылғы 2 маусымдағы 22 - нөмірінде жарияланған) Жаңаөзен қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 28/190 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.
      аталған шешіммен бекітілген Нұсқаулықтың 7 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Берілген мәліметтер пен құжаттардың көшірмелері бойынша Бөлім алушылардың тізімін жинақтап, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) белгіленген тариф бойынша Қызылсайдан қатынайтындарға 1215 теңге, Теңгеден қатынайтындарға 729 теңге, қаладан қатынайтындарға 608 теңге есебінде әр айдың 15 - не дейін арнаулы оқу орындарының есеп шотына аударып отырады. Олар өз кезегінде ол қаражаттарды әрбір оқушының өзіне қол қойдырып, төлем ведомостісі арқылы беруді рәсімдейді»
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         С. Машқұлов

      Қалалық Мәслихат
      хатшысы                                 М. Сарыев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады