Сайлау учаскелерінің шекараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданының әкімінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда № 11-3-110 тіркелді. Күші жойылды-Бейнеу ауданының әкімінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Бейнеу ауданының әкімінің 26.04.2011 № 3 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 - бабына сай ШЕШЕМІН:
      1. Аудандағы № 82, 83, 84, 85, 89, 144, 145 және 155 сайлау учаскелерінің шекаралары қоса беріліп отырған қосымшаға сай қайтадан белгіленсін.
      2. Сайлау учаскелерінің шекаралары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 - бабының талаптары сақтала отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларға хабардар етілсін.
      3. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Қ.Әбілшеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады