Аудан әкімдігінің 03 сәуір 2008 жылғы "Қарақия ауданында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" № 96 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысының Қарақия ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 109 қаулысы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде № 11-4-105 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 07.05.2012 № 98 қаулысымен (қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдері туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" және № 559 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімі 03 сәуір 2008 жылғы № 96 қаулысына (Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 14 мамыр № 11-4-59 тіркелген және Қарақия газетінің 24.07.08 ж № 25 санды нөмірінде жарияланған) және Аудан әкімі 19 тамыз 2008 жылғы № 178 қаулысына (Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 11 қыркүйек № 11-4-66 тіркелген және Қарақия газетінің 07.10.2008ж № 46 санды нөмірінде жарияланған) қаулысына және аталған қаулыда бекітілген қосымшалардағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәтіндері бойынша стандарт деген сөздің қасынан және регламент деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасауды аппарат басшысы С.Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады