Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Қарақия ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 тамыздағы № 208 қаулысы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 09 қыркүйекте № 11-4-109 тіркелді. Күші жойылды - Қарақия аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарақия аудандық әкімдігінің 2012.04.26  № 79 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы 148-ІІ Заңына, Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 23/175 «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Әділет басқармасына 15.01.2010 жылғы № 11-4-97 болып тіркелген шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 08.02.2010 № 25/187 Әділет басқармасына 16.02.2010 жылғы № 11-4-98 болып тіркелген шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы тағайындалған азаматтардың елімізге сіңірген еңбегін және оларды әлеуметтік қолдау мақсатында тағайындалатын әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызы мынадай құжаттармен қоса аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі:
      1) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы тағайындалған куәліктің көшірмесі:
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      5) банктегі салымы жөніндегі дербес есеп шотының нөмірі.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, кейіннен құжаттарының тұпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылсын.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджетте қаралған қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен «Казпошта» акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүргізілсін.
      5. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ә.Әбдіхалықова) аудандық бюджетте көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражатты уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Төлешовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күн түзбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Ә.Дауылбаев

      Келісілді:
      Аудан әкімінің орынбасары
      Б.Төлешов
      25 тамыз 2010 ж.

      Аппарат басшысының м.а
      А.Абилов
      25 тамыз 2010 ж.

      Мемлекеттік құқықтық бөлімінің
      жетекшісі
      А.Таубаев
      25 тамыз 2010 ж.

      Қарақия аудандық экономика және қаржы
      бөлімінің бастығы
      Ә.Әбідіхалықова
      25 тамыз 2010 ж.

      Қарақия аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
      бастығы
      Е.Бегниязов
      25 тамыз 2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады