Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 27/276 шешімі. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 қыркүйекте № 11-7-78 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/201 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 12.12.2013 № 17/201 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының  «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы даталарына әлеуметтік төлемдер алуына құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдердің түрлері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі – дәрмек алуға, тіс протезін дайындауға және облыстық-аудандық қоғамдық – саяси газетінің бір - екі түрінің мерзімдік басылымға жазылуға әлеуметтік төлемдер 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      4. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау, төлемдерін өткізу бойынша Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      5. Әлеуметтік төлемдердің есебін жүргізу, контингентті толықтай қамтылғандығына бақылау жүргізу және қаржыны уақтылы аудару уәкілетті органға жүктеледі.
      6. Уәкілетті орган қызметкерлері зейнетақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Маңғыстау облыстық филиалы Мұнайлы ауданы бөлімшесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен әлеуметтік төлемдер алушылар құрамына ай сайынғы салыстыру жүргізеді және дербес іс қағаздары бойынша әлеуметтік төлем тағайындайды.
      7. Алушының дербес іс қағаздары тапсырылған құжаттарға байланысты жасақталады, уәкілетті органда сақталып, әлеуметтік төлемнің тағайындалғандығы және аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәліметтермен толықтырылып тұрады.
      8. Әлеуметтік төлем уәкілетті органмен алушының мекен-жайы бойынша есеп шотына аударылады.
      9. Әлеуметтік төлем алушылар тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершілік алады.
      10. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешімінің, (Тіркеу № 1985, тіркеу күні 19.11.2007 жыл, Мұнайлы газетінің 29.11.2007 жылғы № 198-199 (7212) санында жарияланған). Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.03.2008 жылғы № 4/52 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы шешімінің (Тіркеу № 2006, тіркеу күні 20.03.2008 жыл, Мұнайлы газеті 28.03.2008 жыл № 12(15) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Сессия төрағасы                         С. Есенкулов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 Б. Назар
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
      орталығы Маңғыстау облыстық филиалының
      Мұнайлы аудандық бөлімшесі» МКҚК–ның
      бастығы У. Төлегенова
      27 шілде 2010 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Ж.Тұманбаева
      27 шілде 2010 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      А. Толыбаева
      27 шілде 2010 жыл

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 27 шілдедегі
№ 27/276 шешіміне 1 қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы даталарына әлеуметтік төлемдер алуына құқығы бар азаматтардың жекеленген санаттары

Мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталар Әлеуметтік төлемді алуына  құқығы бар жекеленген санаттардағы азаматтар

1

Қарттар күніне (1 қазан)

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2

Мүгедектер күніне (қазанның екінші демалыс күні)

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектердің барлық топтарына және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға

3

Қазақстан Республикасының Конституция күніне

Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 27 шілдедегі
№ 27/276 шешіміне 2 қосымша

Азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлемдердің
түрлері

Әлеуметтік төлемдерге құқықты азаматтардың санаттары Әлеуметтік төлемдердің
түрлері

1

Облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлер

Ай сайынғы әлеуметтік көмек

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 27 шілдедегі
№ 27/276 шешіміне 3 қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі – дәрмек алуға,тіс протезін дайындауға және облыстық-аудандық-қоғамдық – саяси газетінің бір-екі түрінің мерзімдік басылымға жазылуға
әлеуметтік төлемдер

Әлеуметтік төлемдердің түрлері Әлеуметтік төлемдердің мерзімі Әлеуметтік төлемдерге құқықты азаматтардың жекелеген санаттары

1

Тіс салдыруға

Үш жылда бір рет

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Чернобыль атом электр стансиясының апатын жоюшы мүгедектері

2

Дәрі-дәрмек алуға

Бір жолғы көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

3

Мерзімдік басылымның бір-екі түріне жазылуға

Бір жолғы көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады