Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 173 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 мамырда № 9-3-128 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде, Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне, әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысын (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 22 сәуірінде № 3714 тіркелген) орындау мақсатымен Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
      2. Ауыл және ауылдық округтері әкімдері шақырылушыларды шақыру және медициналық комиссияларға уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. Шақыру участкесіне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиясы мүшелері мен техникалық қызметкерлер және қызмет көрсететін тұлғалар үшін, осы азаматтарды жіберген ұйымдарда еңбек ақысы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатыны еске алынсын.
      4. 2010 жылғы сәуірден маусымға, қазаннан желтоқсанға дейінгі шақыруды ұйымдастыру кезеңіне Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесі жұмысын қамтамасыз ету үшін қала оқу орындары саны 9 адам техникалық қызметкерлерді бөлсін.
      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      2) қалалық шақыру пунктінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру;
      3) шақырушыларды Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Қостанай қаласының жинақтау пунктіне жөнелту кезінде және темір жол вокзалында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
      6. "Арқалық қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі хабарлау, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және шақырылушыларды қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жиналу пунктіне медициналық комиссияға жеткізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды қалалық бюджет есебінен қарастырылған қаржы шегінде жүргізсін, сонымен қатар көрсетілген іс-шараларды уақытында қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекетке қолданылады.

      Арқалық қаласының әкімі                    Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Арқалық қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Ж. Құтаяқов

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті Арқалық қаласының
      Ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Б. Сәндібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады