Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесiне 1994 жылы туған ер азаматтарды тiркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 5 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қарашада № 9-7-125 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3–тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
      1. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесiне 2011 жылдың қаңтарынан бастап наурызына шекті тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облыстық ішкі істер Департаментінің Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) ер азаматтарды әскерге шақыру учаскесiне тiркеу кезеңiнде тiзiмге тiркелеуден қашқан азаматтарды iздеудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Село, поселке, селолық округтер әкiмдерi тiркеуге шақырылған ер азаматтарды тіркеу учаскесіне тіркеуден өту үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытылы келуін және әскерге шақыруға дейінгілерді әскери тіркеуге алуға көмекті қамтамасыз етсін.
      4. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туған ер азаматтарды тiркеу жүргiзудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшiн аудандық бюджетпен бекiтілген қажеттi мөлшерде ақшалай қаржы бөлсiн.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер Департаментінің
      Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      Жағыпаров Арыстан Жұмашұлы

      "Қостанай облысы Әулиекөл ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      Түгелбаев Марат Теңізбайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады