Азаматтарды Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 ақпанда № 9-8-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2010.04.12 № 4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
      1. Тіркеу жүргізу кезеңіне қарағанда он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарды, 2010 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейінгі кезеңде "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскеге тіркелуден өтуі үшін ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдасын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
      4. "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери даярлау жөніндегі оқытушыларын әскери-оқу мекемелері туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз етсін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы хабарландыру берсін. Әскери-оқу орындарына түсуіне кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгі жастармен жеке әңгімелер жүргізсін.
      5. Осы шешімінің орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Денисов
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ В. Слободюк

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының
      Ішкі істер департаменті Денисов
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ Н. Тулеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады