Әкімдіктің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 "Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 43 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда № 9-19-119 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 "Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-113 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанында аудандық "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Мынадай мазмұндағы 13, 14, 15-тармақтармен толықтырылсын:
      "13. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар.
      14. Елу жастан жоғары адамдар.
      15. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________________ Л. Зейнекина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады