1993 жылы туған жынысы ер азаматтарды Қостанай облысы Қамысты ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда № 9-11-101 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қаулысына сәйкес, сондай-ақ 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу үшін олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн анықтау, жалпы бiлiм деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейiн белгiлеу мақсатында, Қамысты ауданының әкімі ШЕШТІМ:
      1. "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар - наурызында тiркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын жынысы ер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті дәрігер- мамандармен сондай-ақ тіркелінетін азаматтарды сапалы медициналық куәландыру үшін керекті медициналық аспаптармен және медициналық мүліктермен жинақтасын, аудандық ауруханада кезектен тыс амбулаториялық және станционарлық қаралу үшін жағдай туғызсын.
      3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тіркеу кезеңінде тіркеуден жалтарған тұлғаларды іздестіруді және шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде өзара iс-қимылды ұйымдастырсын.
      4. "Қамысты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу жөніндегі іс- шараларды қаржыландыруды Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебінен, "Әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс- шаралар" бағдарламасы бойынша жүзеге асырсын.
      5. Тіркеу жүргізу уақытында әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі іс- шаралар өткізілсін. "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірлесіп, оқу орындарға әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу нарядтарын жеткізсін, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарламалар берсін. Тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіби бағыттау мақсатымен әр әскерге дейінгілермен жеке әңгіме жүргізсін.
      6. Селолық округтар мен селолардың әкімдері комиссия жұмысының кестесіне сәйкес тіркелуге жататын жігіттердің уақытында келулерін қамтамасыз етсін.
      7. Атқарған жұмыстар туралы Қамысты ауданы әкімінің аппаратын 2010 жылдың 15 сәуіріне хабардар етсін.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Алмат Амантайұлы Кылыбаевқа жүктелсiн.
      9. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының
      әкімі                                      Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Қамысты ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ Берекетов Б. Б.

      "Қамысты орталық аудандық
      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері
      ______________ Жанұзақов М. Ғ.

      "Қазақстан Республикасының Ішкі
      істер Министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер Департаментінің Қамысты
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Өмірбаев Р. А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады