Науырзым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 "Науырзым ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 36 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда № 9-16-102 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № 278 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 "Науырзым ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-98 тіркелген, 2010 жылғы 11 қаңтардағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) шешімін жүзеге асыру мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждыққа 3500 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      арыз берген айдан бастап тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанға немесе оның Науырзым ауданының аумағынан тыс жерге кеткеніне байланысты тоқтатылады. Төлемдер көрсетілген жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне туған күніне орай 10000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай 15000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге Жеңіс күніне орай 10 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) Жеңіс күніне орай қайтқан соғыс мүгедектерінің жесірлеріне 10 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографта тексеруден өткізуге байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсету толық тексеру ақысы мөлшерінде төленеді;
      7) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне 1000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      8) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілге айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілге, қайтыс болған күнде уәкелетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген немесе зейнеткер, мүгедек болған жағдайда тағайындалады;
      9) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтте бірге тұратын отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
      10) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратындарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік себетінің ұлғаюына байланысты ай сайын 706 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек;
      12) аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарына жататын ауылдық жерде тұратын әлеуметтік саладағы қызметкерлерге отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
      13) техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын жігіне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын жастарға әлеуметтік көмек;
      техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарында оқуға төлеу үшін оқу ақысы мөлшері жөнінде оқу орнының анықтамасы негізінде жылына 2 рет біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
      Ескерту. 1) тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2010.03.31 № 67 қаулысымен.
      2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі белгіленсін:
      әлеуметтік көмекке өтініш еткен адамның арызы; өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; мекенжайын растайтын құжаттың көшірмесі; кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін көрсетілген мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесі; Ұлы Отан соғысының мүгедегі және қатысушысы куәлігінің көшірмесі; баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі; әлеуметтік көмек алу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі; оқу орнын, оқу жылына және семестрлер бойынша оқуға төлеу мөлшерін растайтын құжат.
      4. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері тапсырылады. Салыстырғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іс түзеледі.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      6. Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16 "Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 147 "Науырзым ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-83 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Т. Өтекеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Ә. Сансызбаев
      12 ақпан 2010 жыл

      "Науырзым ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Р. Бөдекенова
      12 ақпан 2010 жыл

      "Науырзым ауданының білім беру бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ О. Әбенов
      12 ақпан 2010 жыл

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Науырзым аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _________________ С. Исмағұлова
      12 ақпан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады