2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 62 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 сәуірде № 9-16-103 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 57-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына мына санаттағылар жатады деп белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмаған (он екі айдан асқан);
      14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      15) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан адамдар.
      2. Жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі уәкілетті органы (одан әрі уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдессін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуының орындалуын бақыласын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Науырзым ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнің
      бастығы
      _____________ Ә. Сансызбаев

      "Науырзым ауданының қаржы
      бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      ___________ Р. Бөдекенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады