2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде № 9-16-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар және толық емес жұмыс уақыты режимде жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Науырзым ауданы әкiмдiгiнiң "Атамекен" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорын болып бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңдарға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарттарда көрсетілген шарттар бойынша жүргізілсін. Қоғамдық жұмысқа қатысушы тұлғалардың еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақысы 1,5 мөлшерінде бекітілсін.
      4. "Науырзым ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы көрсететін жұмыстар мен қызметтерді қаржыландырарда қоғамдық жұмыстар мен қызметтердің түрлері мен көлемдерін ескерсін.
      5. "2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, кәсіпорынды бекіту туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 67 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрi 9-16-90, 2009 жылғы 1 мамырда аудандық "Науырзым тынысы" газетiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Ә. Сансызбаев
      26.03.2010 жыл
     

      "Науырзым ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Р. Бөдекенова
      26.03.2010 жыл

      Науырзым ауданы әкiмдiгiнiң
      "Атамекен" мемлекеттiк коммуналдық
      кәсiпорнының директорының міндетін
      атқарушы ____________ Б. Қожабаев
      26.03.2010 жыл
 

Әкімдіктің        
2010 жылғы 26 наурыздағы 
№ 64 қаулысына қосымша  

2010 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар және
толық емес жұмыс уақыты режимде жұмыспен қамтылған
қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі, қоғамдық жұмыстарды жүргізетін кәсіпорын

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Кестені қағаз мәтінінен қараныз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады