2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 наурызда № 9-17-92 тіркелді 

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына, 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2010 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары қосымшаға келiсе анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Сарыкөл ауданының әкiмi                    Қ. Ғабдулин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы
      _______________ Ю. Кондриков

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      қаржы бөлiмi" ММ бастығы
      ________________ Т. Лысяк
 
 

Әкiмдiктiң         
2010 жылғы 21 қаңтардағы  
№ 10 қаулысымен бекiтiлген 

2010 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
үшiн халықтың нысаналы топтары

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар.
      3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер.
      12. Жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      13. Жиырма бiр жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар.
      14. Алған мамандық бойынша еңбек өтiлi мен тәжiрибесi жоқ техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдардың түлектерi.
      15. Он екi және одан көп ұзақ жұмыссыздықты.
      16. Елу жастан асқан адамдар.
      17. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органының жолдамасы бойынша кәсiптiк оқуды бiтiрген жұмыссыздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады