Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережесі туралы" N 26/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қазандағы N 249/29 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2010 жылғы 03 желтоқсанда N 12-2-156 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы N 199/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.02.2014 N 199/28 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережесі туралы" N 26/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-79 тіркелген, "Ақжол"-"Новый путь" газетінде 2008 жылдың 21 ақпанында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Ереженің 9 тармағынан екінші абзац алынып тасталсын.
      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 6 қыркүйектегі "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережесі туралы" N 26/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 235/27 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрайымы                            Г. Валеулина

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады