Азаматтарды 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 қаңтарда N 12-2-167 тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 2014 жылғы 06 қазандағы N 1-22/1253 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Қазақстан Республикасының 1994 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды "Павлодар облысы Ақсу қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейінгі аралығында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қала әкімінің осы шешімі ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Қала әкімінің осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Павлодар облысы Ақсу қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы, подполковник                      Ә. Түсіпбеков
      2010 жыл 17 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады