Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 396/5 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 12-3-266 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы N 751/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.23 N 751/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алынып тасталды.
      Ескерту. 1 тармақ алынып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.07.01 N 527/6 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс беруші жұмыс түрлері мен ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов):
      комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады:
      нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
      комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын кұру шартын, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін анықтайтын және каржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс берушілермен комиссия шешімінің негізінде келісімшарт жасайды;
      әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналыстыру үшін іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді.
      3. 2-қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Екібастұз қаласы әкімдігінің   
2010 жылғы 4 мамырдағы N 396/5 қаулысына
1-қосымша           

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
жөніндегі комиссия құрамы

      Ескерту. 1-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.12.10 N 1013/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Әлия Қоқышқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Әсем Ерсайынқызы Тұрдыбекова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Жаңылсын Ералықызы Хамитова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Лариса Павловна Векшина

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Болат Қайыржанұлы Құспеков

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Гүлмира Мақсұтқызы Мәкішева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, Комиссия мүшесі.

Екібастұз қаласы әкімдігінің   
2010 жылғы 4 мамырдағы N 396/5 қаулысына
2-қосымша           

Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" N 754/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-213 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда N 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).
      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" N 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 261/5  қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-230 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда N 21 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).
      3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" N 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 355/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-236 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 23 шілдеде N 30 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).
      4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" N 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 799/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-248 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 6 қаңтарда "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады