Екібастұз өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 қазандағы N 885/10 қаулысы және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 02 қарашадағы N 293/25 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 12-3-281 тіркелген

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы  2-тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Павлодар облыстық мәслихатына және Павлодар облысының әкімдігіне:
      1) шекарасын өзгертпей, Екібастұз қаласы Комсомол ауылдық округін "Шиқылдақ" ауылына қайта құру;
      2) шекарасын өзгертпей, Екібастұз қаласының Қарасу ауылдық округін "Бесқауға" ауылына қайта құру ұсынысы енгізілсін.
      2. Нақты шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

      Сессия төрағасы                            Е. Шаихов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады