1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі Біріктірілген Бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 57 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 қаңтарда N 12-3-284 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 24/1-23/88 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі Біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қорғаныс істері жөніндегі Бөлімі) шақыру учаскесіне тіркеу жұмысы жүргізілсін.
      2. Мемлекеттік мекемелердің, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен оқу орындарының басшыларына кестеге сәйкес тіркеуге жататын азаматтардың уақтылы келуін 100% қамтамасыз етіп, тізімін қорғаныс істері жөніндегі Бөлімге тапсыруларына ұсыныс жасалсын.
      3. Павлодар облысы Екібастұз қаласының денсаулық сақтау бөліміне (М.М. Әубәкірова) (келісім бойынша):
      1) медициналық куәландыру үшін қажетті медициналық кұрал-жабдықтармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, дәрігерлер мен орта медицина персоналын бөлсін;
      2) 1500 адамға шаққандағы адамдардың флюорографиясын өткізу үшін (негізгі және резервті) флюорографиялық кабинеттер бөлсін;
      3) 1994 жылы туған азаматтардың амбулаторлы сырқаттардың медициналық карталарын, егілгені туралы мәліметтерін, жүйке-психикалық ауруы, наркологиялық, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулары, туберкулез ауруы, АҚТҚ (ЖҚТБ) жұқпалары, трахома, созылмалы ішкі орган аурулары, хирургиялық түрдегі ауруы бойынша есепте тұрғандардың тізімдері, сырқат тарихының көшірмесін, азаматтардың денсаулығын белгілейтін дәрігерлік тексеру және диспансерлік қадағалау мәліметтерін қорғаныс істері жөніндегі Бөлімге тапсырсын;
      4) тіркеу мерзімінде тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша 1994 жылғы жастарды стационарлық тексеру және емдеу үшін резервті орындарды ұстасын;
      5) тіркеу мерзімінде медициналық комиссиямен жіберілген сырқат шақырылушыларды емдесін және тексеруден өткізсін.
      4. Екібастұз қаласының ішкі істер бөліміне (Д. Сиразидимов) келісім бойынша):
      1) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, сотталған, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 1994 жылы туған жастардың тізімін қорғаныс істері жөніндегі Бөлімге жіберу;
      2) комиссиядан өтуге себепсіз келмей жүрген, 1994 жылы туған жастарды, оларды тіркеу комиссиясына қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің жеке іздестіру қағазы бойынша міндетті түрде жеткізе отырып, іздестіру бойынша шұғыл шаралар қолдану ұсынылсын.
      5. "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.С.Құсайынов) (келісім бойынша):
      1) жұмысқа қажетті құрал-жабдықтармен және мүкәммалдармен жабдықтай отырып, қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің ғимаратында медициналық тіркеу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
      2) шақыру учаскесіне тіркеуге тұрудың кестесін әзірлеп бекітіп, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен оқу орындары басшыларының назарларына жеткізу ұсынылсын.
      6. Екібастұз қаласы ауылдық округ, кент және ауыл әкімдері 1994 жылы туған жастардың кестеге сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияға 100 % келуін, шақыру учаскесіне жеткізілуі мен тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.
      7. Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы (А.А. Құрманова) тіркеу өткізуге байланысты шығындарды қаржыландыруды осы бағдарлама бойынша 2011 жылға арналған қала бюджетін қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес қалалық бюджет есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      8. Барлық қатыстырылған мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округ, поселке және ауыл әкімдері осы шешімнің орындалу барысы туралы әр айдың 10 күні ақпарат беріп отырсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа және қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген Бөлімнің бастығы Қ.С. Құсайыновқа жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

      КЕЛІСІЛДІ:

      Павлодар облысы денсаулық
      сақтау Басқармасының бастығы               А. Күзеков
      2010 жылғы 20 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ:

      Екібастұз қаласы ішкі істер бөлімі
      бастығының міндетін атқарушы               Д. Сиразидимов
      2010 жылғы 20 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ:

      Екібастұз қаласы қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімінің бастығы                          Қ. Құсайынов
      2010 жылғы 20 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады