Көктемгі - дала жұмыстарының қолайлы мерзімдері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 151/4 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда N 12-7-101 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 шілдедегі N 244/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.07.19 N 244/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 123 қаулысымен бекітілген көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың бағалары арзандатылған облыстық бюджет және Астана қаласының бюджеті, 2010 жылғы республикалық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттерін қолдану Ережелеріне сәйкес, 2010 жылғы 30 сәуірдегі Павлодар АШҒЗИ N 132-1-10 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың көктеміндегі егудің қолайлы мерзімдерін анықтау:
      1) жаздық бидай мамырдың 20-нан маусымның 5-не дейін;
      2) арпа мамырдың 25-нен маусымның 5-не дейін;
      3) сұлы мамырдың 28-нен 30-на дейін;
      4) карақұмық мамырдың 30-нан маусымның 5-не дейін;
      5) тары мамырдың 28-нен маусымның 10-на дейін;
      6) күнбағыс мамырдың 5-нен 20-на дейін;
      7) күздік бидай тамыздың 20-нан 25-не дейін.
      2. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге осы қаулының 1 тармағында белгіленген егу мерзімдерін ұстау ұсынылсын және қолайлы мерзімнің бұзылуымен себілген дәнді-дақылдардың аумақтары субсидиялануға жатпайтыны туралы хабарландырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі және аумақтық әділет органында тіркелгеннен кейін ресми жариялануға тиіс.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады