Ертіс ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауыл әкімінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 1-03-14 шешімі. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 мамырда N 12-7-100 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы N 1-14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылы әкімінің 2011.01.17 N 1-14-4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Ертіс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ертіс ауылындағы Маяковский көшесінің атауы Оразбай Қуанышев көшесі атауына ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Ертіс ауылының әкімі                       Т. Бекпауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады