2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/25 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 12-9-123 тіркелген. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қазандағы N 1-19/180 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 11.10.2013 N 1-19/180 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы, 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты  бекітілсін (қосымша тіркеледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            М. Смағұлов

Аудандық мәслихаттың  
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
N 5/25 шешіміне    
қосымша         

2011 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке
құқығы бар азаматтардың санаты

       1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар және мүгедектер.
      2. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар.
      3. Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жұбайлары.
      4. Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің қайтадан неке құрмаған жұбайлары.
      5. Ауған соғысына қатысқандар
      6. Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандар.
      7. Бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындары.
      8. Жеңілдіктерімен, кепілдіктерімен Ұлы Отан соғысына қатысқандарына теңестірілгендер.
      9. "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері.
      10. Бейбітшілік кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасыларына.
      11. Білім және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар.
      12. 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер.
      13. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар.
      14. Орташа табысы күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін, төтенше жағдайға ұшырап қалған тұлғалар (өрт, үй тонау, бір айдан аса созылған аурулар және тағы басқалар).
      15. Отбасылық кірісі бекітілген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар.
      16. "Облыс алдындағы ерең еңбегі" белгісімен марапатталған тұлғалар.
      17. Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемелерде квота бойынша тексерілген және емделуді өтіп жатқан азаматтар.
      18. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және жетім балалар қатарынан мемлекеттік оқу грантына ие бола алмаған студенттер.
      19. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
      20. Туберкулезбен ауыратындар.
      21. Онкологиялық аурумен ауыратындар.
      22. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар.
      23. Церебральды параличі және тірек қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған балалар.
      24. Мөлшері төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер.
      25. Үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тіркеуде тұрған жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар.
      26. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар және балаларға берілетін жәрдемақыны алушылар.
      27. 1, 2-топтағы мүгедектер.
      28. Жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер.
      29. Жесір балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар.
      30. Зейнетақы жасындағы еңбекке қабілетсіз жұмыссыз азаматтар.
      31. Зейнетақы жасындағы жұмыссыз азаматтар.
      32. Коляскамен жүретін мүгедектер.
      33. Көзі көрмейтін мүгедектер.
      34. Гемодиализ өткізуді қажет ететін тұлғалар.
      35. "Алтын алқа", ""Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар.
      36. Үйден тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар.
      37. Бір жасқа дейінгі нәрестелер.
      38. Социалистік еңбек ерлері.
      Ескерту. 38 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.04.08 N 7/28 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) шешімімен.
      39. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
      Ескерту. 39 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.04.08 N 7/28 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) шешімімен.
      40. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқу озаттары.
      Ескерту. 40 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.09.20 N 4/33 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      41. 2010 - 2011 жылдары ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеуге келген дәрігерлер.
      Ескерту. 41 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.09.20 N 4/33 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      42. Адал және көпжылғы еңбегі үшін ордендермен және алқалармен марапатталған тұлғалар.
      Ескерту. 42 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.09.20 N 4/33 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      43. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар.
      Ескерту. 43 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.10.20 N 2/34 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      44. 2010 – 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар  бойынша жас мамандар.
      Ескерту. 44 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011.10.20 N 2/34 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады