Май ауданында 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 19/2 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 12-10-93 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару  туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген Кәсiби даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiкті арттыру ережесіне сәйкес және еңбек нарығында жұмыссыздардың қабiлетiн жоғарлату және жұмыспен қамтуға жәрдем ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен (Р.Ш. Байтлеуов) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді (әрі қарай - толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер),сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру үшін 25 жұмыссыз, оның iшiнде 15 жұмыссыз аудан бюджетiнен оқытылсын.
      2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен тікелей байланысты шығындар "Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау "101 кіші бағдарламасы, "Еңбекпен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасына сәйкес қаржыландырады.
      3. Аудандық қаржы бөлiмi (Д.Б. Қалиақпаров) жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру үшiн қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 ақпандағы "Май ауданында 2009 жылы табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру туралы" N 56/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Қ. Саринге жүктелсiн.

      Аудан әкiмi                                Е. Әйткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады