Әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға жеңілдік жасау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 66/4 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда N 12-10-96 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы N 156/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011.05.23 N 156/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысымен бекітілген "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" нұсқаулықтың 3 тармағына сәйкес және әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға қосымша жеңілдік жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылында Май ауданы мектептерінің жанындағы әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылардан шыққан барлық интернаттарының тәрбиеленушілері, тамақтануына төленетін ата-аналық төлемақысынан босатылсын.
      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Л.Шепотатьева) және аудандық білім беру бөлімі (Ж.Сүлейменов) жергілікті бюджет есебінен тамақтануға арналған шығыстарды жабуға қаражат қарастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімі аппаратының басшысы және аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.Б. Байғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады