Тұрғын үй-жайды (пәтерді), тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау төлемінің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 4/842 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 9 желтоқсанда N 865 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 02 шілдедегі N 3/562 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 02.07.2013 N  3/562 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» № 1292 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді), тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) күтіп-ұстау төлемі айына тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метріне 25 теңге болып, сондай-ақ Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсететін коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында өндірістік қызметті жүзеге асыратын тұрғын үй-жайларына заңнамамен белгіленген тәртіппен белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған тұрғын үй-жайды (пәтерді) күтіп ұстау шығыстарында ескерілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізбесі бекітілсін.
      3. Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                    А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2010 жылғы «10» қарашадағы N 4/842
қаулысымен бекітілді

Тұрғын үй-жайды (пәтерді) күтіп-ұстау
шығыстарында ескерілетін қызметтердің (жұмыстардың)
тізбесі


р\с

Атауы

1 айға пайда-
ланатын алаңның 1 шаршы метріне шығындар (теңге)

1

Күрделі жөндеу;
Үйге ортақ инженерлік желілерін және элеваторлық тораптарын ауыстыру;
шатырды ауыстыру;
үйдің сыртқы қабырғаларын жөндеу;
кіреберіс есіктерін және фрамугтарын ауыстыру.

3-55

2

Ағымдағы жөндеу:
1) үйдің ортақ бөліктерін ұстау:
ғимарат периметрі бойынша қабырғаның кейбір учаскелерін ауыстыру;
тоғысқан жерлерін герметизациялау,қабырғада пайда болған кейбір жарықтарды жөндеу және бітеу;
қабырғалардың тоңазыған бөліктерін жылыту,
үйлердің сыртқы қабырғаларының бөліктерін әктеу;
шатырлардың су өтетін жерлерін жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрлері (толық ауыстырудан басқа);
үй-жайдың барлық жерлерін сылап-сырлау жұмыстарының барлық түрлері, тұрғын бөлмелерден басқа;
баспалдақтың жақтаударын жөндеу;
кіреберістегі ағаштан жасалған баспалдақтарды ауыстыру;
2)тұрғын ғимараттарды күзгі-қысқы және жазғы кезеңге дайындау бойынша барлық жұмыстар;
кіреберістегі есіктерді және сынған терезелерді ауыстыру;
құбырларды жылумен оқшаулау;
шатырлады қоқыстан, балшықтан және жапырақтардан тазарту;
подвалдарды (күнтізбелік 2 рет) тазалау және дезинфекциялық жұмыстарын жүргізу;

2-25

3

Көріктендіру; шұңқырды жөндеу;
үй маңындағы аумақтарға жасыл желектерді отырғызу және суару жұмыстары; кіші сәулет формаларын орнату.

2-72

4

Үй жанындағы аумақтарды тазарту;
жаяу жүргінші жолдарды қардан және мұздан тазарту;
газондарды тазарту, шөптерін шабу;
қысқы мерзімде тротуарларға құм дайындау және төсеу;
арнайы киімді және инвентарь сатып алуға шығындар;
басқа да шығындар (аула тазартушыларына еңбекақыларын төлеу оның ішінде әлеуметтік сақтандыру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да төлемдер).

3-03

5

Кезекші жарықтандыру (кіреберістерді жарықтандыру, 1 және соңғы қабаттағы, және кіреберістегі электр шамдарды ауыстыру).

2-47

6

1 және 2 қабаттарды санамағанда лифтілердің электрмен жабдықталуы

2-33

7

Әкімшілік – басқарушылық персоналды ұстау жұмыстары (еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру, әкімшілік-шаруашылық шығындар)

2-60

8

Жылу жүйесіне және элеваторлық тораптарға техникалық қызмет көрсету:
1) жылу жүйелеріне қызмет көрсету бойынша:
жылу жүйелерін тексеру;
жылу жүйелерін қосу және ажырату;
(күзгі, көктемгі және апаттық, режимдік);
жылу жүйелерін консервациялау (көктемгі):
жылу жүйелерін консервациялау кезінде жылу жүйелерінің жағдайын 10 күнде 1 рет тексеріп отыру;
режимдерді іске қосу және өзгерту барысында жылу жүйелерін реттеу;
жылу жүйелеріндегі кішігірім ақауларды жою (іске қосылмай қалған жылумен оқшаулау, жабын қабаты учаскелерін бекіту, су ағуын тоқтату, оның ішінді құбырларды ауыстырмай-ақ, бұрандалы қосылатын жерлеріндегі суды тоқтату, құбырларға бандаждар орнату, қоқыс тазартқыш, ауа жинағыш, реттеуші арматураларды қақтан және жиналған тұздан тазарту, магистралды ажыратқыш су құбырларының астындағы тіректерді бекіту, прокадкаларды, арматураларды ауыстыру);
жүйедегі суды жылу беру маусымы алдында ауыстыру;
жылыту жүйелерін гидравликалық шаю;
БӨҚ және А-ны (бақылау өлшеу құрылғылары және автоматика) және электр аппаратурасын жөндеу және қосу;
2) ҚЖТ (құрылғының жеке точкасының) элеваторлық тораптарына қызмет көрсету бойынша:
температураны, қысымды, ығысу коэффициентін өлшеумен құрылғының жеке точкасын айына екі рет тексеру;
жылу беру мерзімі басталатын және аяқталатын кезде ыстық сумен жабдықтау режиміне және жылу жүйелері жұмысы режиміне ауыстыру;
тиектеулі және реттейтін арматураның прокладкасын ауыстыру;
ластанған, тиектеулі және реттеуші арматураны қақтан және жиналған тұздан тазарту;
дросселді органдарды (сопелдер, стакандар, шайбалар) ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды түзету;
судың ағуын тоқтату;
босап қалған тіреулерді бекіту;
БӨҚ және А-ны (бақылау өлшеу құрылғылары және автоматика) және электр аппаратурасын бақылау, жөндеу қосу.

2-71

9

Суық және ыстық сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйесіне техникалық қызмет көрсету:
1) сантехникалық:
кәріздің тік бағаналырын тазарту;
подвалдағы канализацияны тазарту;
1-ші құдыққа дейін шығаруды қоса алғанда;
тұрғын үйдің 1 қабатындағы бітеліп қалған сантехникалық құралдарын (унитазды) тазарту;
жауын-шашын ағатын кәрізді тазарту;
материалдарды қоса алғанда клапандарды, прокладкаларды, контрагайкаларды, сгондарды, резьбаларды, поплавоктарды, короноктарды, вентилдерді икемді құралдарды, шармен жұмыс істейтін крандарды ауыстыру;
тұрғын үй иелерінің (жалданушының) материалынан (сварка жұмыстарын қоса алғанда авариялық жағдайдағы сүлгі кептіргішті, сифондарды, грушаларды, манжеттерді, смесительдерді ауыстыру, апатты жағдайдағы сантехникалық жабдықтарды ауыстыру);
ағызатын бактарды жөндеу;
резьбалық жалғаушылардағы тамшылаған суларды тоқтату;
материалдарды қоса алғанда;
сальниктерді вентильдерге қағу;
тесіктерді дәнекерлеп бітеу;
тесуді қоса алғанда суық және ыстық сумен жабдықтау;
құбырларының тік бағаналары учаскелерін ауыстыру;
1 метрден аспайтын суық және ыстық сумен жабдықтау құбырларының жекелеген учаскелерін ауыстыру;
подвалдағы немесе тұрғын үйдегі 2 метрге дейінгі шойыннан жасалған кәріз құбырларын ауыстыру (материалдар бағасын есепке алмағанда);
подвалдардағы, техникалық қабаттардағы вентильдердегі;
ысырымдағы ағатын суларды тоқтату;
кәріз құбырларындағы ақауда жөндеу;
подвалды үй-жайлардан суды сорып шығару;
подвалда профилактикалық жөндеуді жүргізу.
2) электротехникалық:
уақытша электрмен жабдықтаудың сызбасын жасау;
басты тарату қорабындағы және қабаттағы щиттегі жанып кеткен сақтандырғаштарды ауыстыру;
басты тарату қорабындағы және қабаттағы щиттегі жанып кеткен «ноль фаза» өткізгіштерді қалпына келтіру, кезекші жарықтандыруға электр энергиясын беру;
кезекші жарықтандырудың ажыратқыштарын ауыстыру.

2-54

10

Суды тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарына техникалық қызмет көрсету

0-80


Барлығы:

25-00

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады