Байланыс формасы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 317 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 18 мамырда N 847 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 767 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпанда «Алматы ақшамы» газетінің 21 нөмірінде және 2008 жылғы 21 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінің 24-25 нөмірлерінде жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 125 шешімімен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 777 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 9 қыркүйекте «Алматы ақшамы» газетінің 102 нөмірінде және 2008 жылғы 23 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің 101 нөмірінде жарияланған; «IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 264 шешімімен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 833 рет санымен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда «Алматы ақшамы» газетінің 2-3 нөмірлерінде және 2010 жылғы 7 қаңтарда «Вечерний Алматы» газетінің 2 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
      2 тармақ келесі мазмұндағы 20 тармақшамен толықтырылсын:
      «20) Полигон – қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу немесе бiржолата көму мақсатында әртүрлi қалдық түрiне белгiленген мерзiмге, қалдықтарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған орын (алаңдар, қоймалар, сақтағыштар);»;
      3 тармақтағы «жол бермеуге міндетті» сөздері «жол бермеулері керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      5 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «5. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегi заңды тұлғалар, соның iшiнде нақты және уақытша нысандардың иелерi осы Ереженiң келесi талаптарына сәйкес орындауы қажет:»;
      7, 9, 12, 14, 15, 16, 20, 24, 43, 49, 83, 94, 99, 119 128, 136, 147, 153, 156, 163 тармақтарындағы және Ереженің қосымшасында Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау Төлқұжатының «Көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі талаптардың» 4 тармағындағы «тиым салынады» сөздері «рұқсат етілмейді» сөздерімен ауыстырылсын;
      13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «13. Автокөлiк кәсiпорындары және автокөлiк иелерi қала көшелерiне көлiктердi таза қалпында шығаруы керек.»;
      28 тармақтағы «кәсіпорындар жүргізеді» сөздері «немесе конкурсты ұтып алған кәсіпорындар жүргізеді» сөздерімен ауыстырылсын;
      34 тармақтың екінші сөйлем келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Автокөлікке тұрақ қарастырылған ғимараттың немесе жер телiмiнің иесi немесе оны пайдаланушы өзгерген кезде автотұрақты жаңа иесi күтеді.»;
      51 тармақтың екінші абзацында «ұстауға және жөндеуге» және «тазалауға жауапты» сөздері «ұстайды және жөндейді» және «тазалайды» сөздерімен ауыстырылсын;
      52 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «52. Инженерлiк желiлер аймағының шекарасының маңайындағы аумақты санитарлық ұстау жер үстi құрылғыларының иелерi мен пайдаланушы ұйымдарға жүктеледі.»;
      54 тармақтағы «тазалауға жауапты» сөздері «тазалайтын» сөзімен ауыстырылсын;
      55 тармақтағы «тазалауға жауапты» сөздері «тазалайтын» сөзімен ауыстырылсын;
      63 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қала жолдарының жүргiн бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастағаннан кейiн, аралығы 15-20 минут ұстап жүргізіледі (1-3 мм/сағ және жоғары жиілікте). Әлсіз қар жауғанда (0,5-1 мм/сағ жиілікте) жолдарды өңдеуді 30-45 минуттан кейін бастау қажет»;
      64 тармақтағы «жаумай тұрып жүргізіледі» сөздері «жауа бастаған кезден жүргізіледі» сөздерімен ауыстырылсын;
      68 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Көтерілу мен төмен түсу және қисық шағын ойысы бар жолдарда доңғалақтардың жанасу коэффициентін арттыру үшін, температурасы 60С-ден төмен немесе одан да төмен температура кезінде жолдар 150-200 г/м2 көлемдегі құм-тұз қоспаларымен өңделеді. Жол қозғалысы 10 м-ден асатын кең құлаш жолдың бетін 2 қатар машинамен өңдеуі керек»;
      81 тармақтағы «30 метрден» сөздері «20 метрден» сөздерімен ауыстырылсын;
      91 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «91. Қыс мезгiлiнде ғимарат иелерi уақытында шатырларды қар мен мұздан, сүңгiлерден тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы керек.»;
      107 тармақтағы «отыруға міндетті» сөздері «отырады» сөзімен ауыстырылсын;
      110 тармақта:
      бірінші абзацта «арнайы көлігі бар және» сөздерінен кейін «қалдықтарды көметін Полигонмен, сондай-ақ» сөздерімен толықтырылсын;
      екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      «Қоқысты сыртқа шығарушы ұйымдар кестеде (ҚТҚ шығаруға келісім-шарттың қосымшасы) көрсетілген мерзімде қоқысты шығару бойынша қызмет көрсетуі қажет.»;
      117 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «117. Контейнерлік алаңдарды орналастыру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, сәулет және қала құрылыс органдарымен және пәтер иелері кооперативімен келісіледі»;
      121 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «121. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуі керек:»;
      127 тармақтағы «орындалуы тиіс» сөздері «орындалады» сөзімен ауыстырылсын;
      135 тармақтағы «әйтпесе» сөзі «немесе» сөзімен ауыстырылсын;
      143 тармақтағы «ауыстыруға, жөндеуге және бояуға тиіс» сөздері «ауыстырады, жөндейді және бояйды.» сөздерімен ауыстырылсын;
      148 тармақта «етуге тиісті» сөздері «етулері керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      150 тармақтағы «жүргізуге» сөзі «жүргізуі» сөзімен ауыстырылсын;
      160 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
      162 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
      Ереженің қосымшасында:
      Көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі талаптарда:
      1 тармақтың бірінші абзацындағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
      5 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
      6 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
      Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау Төлқұжатының 7 тармағындағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссиясына (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХVII сессиясының
      төрағасы                                Б. Шин

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады