2010 жылға Есіл ауданының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы N 40 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурызда N 13-6-142 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 446 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.12.29 N 446 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. «2009 жылға Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтарындағы № 4 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 3 ақпанында № 13-6-111 тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанындағы № 7 «Есіл таңы», 2009 жылдың 13 ақпанындағы № 7 «Ишим» газеттерінде жарияланды).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады