"2010 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы N 107 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 мамырда N 13-7-128 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213 Заңының 28–бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 40 қаулысына (2010 жылғы 13 сәуірде нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13-7-122 нөмірімен тіркелген, «Ауыл арайы» газетінің 2010 жылғы 23 сәуіріндегі 19 нөмірінде мемлекеттік тілде, «Сельская новь» газетінің 2010 жылғы 23 сәуіріндегі 19 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      «Ұйымдардың тізімі, түрлері, қоғамдық жұмыстардың көлемі» қосымшасындағы аумақты көркейту және көгалдандыруға көмек көрсету 15-ші жолындағы жұмыс орнының саны бағанындағы:
      «12» саны «18» санына ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 20 жолы алып тасталынсын.
      2. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады