Қызылжар ауданының аумағында насихаттау баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 37 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 наурызда N 13-8-119 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 430 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 27.09.2013 N 430 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағын басшылыққа алып, насихаттау баспа материалдарын орналастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 1, 2-қосымшаларға сәйкес Қызылжар ауданының аумағында № 6, № 12 сайлау округтары бойынша кеткен депутаттардың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың насихаттау баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялағаннан кейінгі күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Пшенбаев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қызылжар аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     В. Геншель

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 37 қаулысына 1-қосымша

№ 6 сайлау округі бойынша кеткен депутаттардың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың насихаттау баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі

р/
с

Елді мекеннің
атауы

Орналасу орны

1

Элитное селосы

Селолық округ әкімі аппаратының
ғимараты маңы аумағындағы
ақпараттық щит

2

Приишимка селосы

Мектеп маңы аумағындағы
ақпараттық стенд

3

Чапаев селосы

Селолық клуб маңы аумағындағы
ақпараттық стенд

4

Бескөл ауылы

Бескөл орта мектеп-
гимназиясының ғимараты маңы
аумағындағы ақпараттық щит

5

Новокаменка селосы

Селолық клуб маңы аумағындағы
ақпараттық щит

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 37 қаулысына 2-қосымша

№ 12 сайлау округі бойынша кеткен депутаттардың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың насихаттау баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі

р/
с

Елді мекеннің
атауы

Орналасу орны

1

Соколовка селосы

Селолық округ әкімі
аппаратының ғимараты маңы
аумағындағы ақпараттық щит

2

Березовка селосы

Березов медициналық пункті маңы
аумағындағы ақпараттық щит

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады