Мағжан Жұмабаев ауданының шақырту учаскесіне 1994 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2011 жылы қаңтардан наурыз аралығында шақырту учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы N 34 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда N 13-9-124 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 53 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2011.12.29 N 53 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырындағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысына аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданының шақырту учаскесіне 1994 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында бұрын тіркелмеген, әскерге шақыру жасы үлкен Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2011 жылы қаңтардан наурыз аралығында шақырту учаскесіне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        А. Қабдөшев

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады