2011 жылға арналған Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы N 523 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда N 13-9-126 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы N 50 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
      1) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) 50 жастан асқан тұлғалар;
      4) он екі ай және одан да артық жұмыс істемеген, тұлғалар;
      5) Семей ядролық полигонда жүргізілген сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, Чернобыль атомдық электр станциясын жоюға қатысқандар;
      6) мүгедек баланы асырап жатқан ата-аналар;
      7) мамандығы жоқ тұлғалар, жұмыс іздеушілер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        А. Қабдөшев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады