2010 жылға Тимирязев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрлері бойынша егіс жүргізуге оңтайлы мерзімді анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 79 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 мамырда N 13-12-108 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына 1-тармағына 5) тармақшасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген, облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережесінің 7-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға Тимирязев ауданында субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрлері бойынша егіс жүргізуге оңтайлы мерзімдері аңықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов

2010 жылғы 4 мамырдағы № 79
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

2010 жылға Тимирязев ауданы бойынша  субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрлері бойынша егіс жүргізуге оңтайлы мерзімдері

Дақылдардың атауы

Жұмыстарының оңтайлы мерзімдері

Жаздық бидай, орташа пісетін, орташа кешеуілдеп пісетін

15 мамырдан 30 мамыр бойынша

Арпа - орта кеш пісетін сорты

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

Арпа - орташа пісетін сорты

30 мамырдан 5 маусым бойынша

Сұлы – орта кеш пісетін сорты

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

Сұлы - орташа пісетін сорты

27 мамырдан 30 мамыр бойынша

Бұршақ

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

Қарақұмық

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

Аңқа (Рапс)

15 мамырдан 20 мамыр бойынша

Зығыр, қыша

17 мамырдан 20 мамыр бойынша

Май тұқымына күнбағыс

15 мамырдан 18 мамыр бойынша

Картоп

18 мамырдан 23 мамыр бойынша

Сүрлену үшін жүгері

16 мамырдан 20 мамыр бойынша

Шөпке бір жылдық шөптер

1 маусымнан 5 маусым бойынша

2010 жылға орташа ерте пісетін бидай сорты дәндерінің алдыңғы егісі

5 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады