Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селолық округі әкімінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда N 13-13-124 тіркелді

       «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» Қазақстан Ресупубликасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, «Кокчетавский» көшесінің тұрғындарының өтінуін негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелік тойы қарсаңында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосының «Кокчетавский» көшесінің атауын Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Ғибадилов атындағы көшеге ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Уәлиханов ауданының әділет басқармасында тіркеуге жіберілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кішкенекөл селолық округі әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау, іс жүргізу және кадр сұрақтары бойынша бас маман Е.Тукебаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Кішкенекөл селолық
      округінің әкімі                            Б. Қорқытов
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады