Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 2-21с "Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қарашадағы N 4-24с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 желтоқсанда N 13-13-130 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 06.08.2013 N 12-14с шешімімен.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с шешіміне (2010 жылғы 29 сәуірдегі № 13-13-121 мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген және 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 21 «Шұғыла» және «Ел тынысы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-ші тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Уәлиханов ауданының Құрметті азаматтарына;»
      6-шы тармақта «қоғамдық көліктердің барлық түріне билет бағасының көлемінде тағайындалады, билет болмаған жағдайда жолаушыларды тасымалдайтын жеке кәсіпкерлердің анықтамасы бойынша» деген сөздер «елді мекеннен аудан орталығына және қайтып келуге қажет бензиннің есебіне сәйкес» сөздерімен ауыстырылсын;
      8-ші тармақта «төленуін қамтамасыз етсін» деген сөздерден кейін «және бөлінген қаражаттардың нысаналы пайдаланылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Ұ. Сағындықов
 
      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      «Уәлиханов ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

Аудандық мәслихаттың хатшысы
Ә. Бейсенбаев
 
 
 
Қ. Утекина
 
 
 
Ж. Ғабдуллин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады