Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 23–бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес және Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 84 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысын іске асыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2010 жылдың қазан-желтоқсан айларында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығынан айырылған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа да әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы 1–қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Ұйымдар, мекемелер басшыларына (келісім бойынша) Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмі қарамағына 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметшiлер бөлу ұсынылсын.
4. Поселке және селолық округ әкiмдерi әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулерi және қосымша тексеру үшiн дәрiгерлiк мекемелерге тұрғылықты жерiнен Жылыой аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге және керi қарай тұрғылықты жерiне дейiн жеткізуді 3-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсiн.
5. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келiсiм бойынша):
1) әскерге шақырылушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ-электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшiн емдеу профилактикалық мекемелерден қажеттi мөлшерде орын бөлу;
2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзiмi кейiнге қалдырылған дiмкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткiзудi ұйымдастыру ұсынылсын.
6. Мекемелер басшыларына (келісім бойынша) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне кезекшi көлiктер бөлу 4-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
7. Жылыой ауданының iшкi iстер бөлiмiне (келiсiм бойынша) Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп (келiсiм бойынша):
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен бiрге шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету;
2) әскерге шақыру комиссияларына белгiленген мерзiмде келмеген адамдарды жедел iздестiрiп тауып, Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне жеткiзу;
3) Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінiң жинақтаушы пунктiнде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн полицияның күшейтiлген нарядын бөлiп, командаларды көлiкке отырғызу, жүргiзiп жiберу, сонымен бiрге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.
8. Жылыой ауданы қаржы бөлiмi 2010 жылғы бекiтiлген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктiне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
9. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Сағиевке жүктелсiн.
10. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Р. Нұғманов |
Келісілді:
Жылыой ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
"12" қазан 2010 ж. Д. Тілеуов
Жылыой аудандық орталық
аурухасының бас дәрігері
"12" қазан 2010 ж. Т. Қыдырбаев
Жылыой ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
"12" қазан 2010 ж. Н. Оразбаев
"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының
"Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасы
"12" қазан 2010 ж. А. Бешімов
"Kaz Petro Trans" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
"12" қазан 2010 ж. С. Сартай
"Қазақстан Темір жолы Ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамы
Құлсары жол дистанциясы филиалы Директоры
"12" қазан 2010 ж. Б. Тайбеков
"Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы Құлсары сигнализация
және байланыс дистанциясы" филиалы
"12" қазан 2010 ж. С. Сейлханов
"ҚазМұнайГазБарлау Өндіру" акционерлік
қоғамының "Жылыоймұнайғаз"мұнай газ
өндіру басқармасы
"12" қазан 2010 ж. А. Ғабдуллин
Құлсары жүйелі газ өндіру
басқармасының бастығы
"12" қазан 2010 ж. М. Аташев
"Рип-газ" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
"12" қазан 2010 ж. Е. Нуркеев
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 280 қаулысына 1-қосымша |
Азаматтарды әскери есепке тіркеу жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Тілеуов Дастан Құбашұлы | - | Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); |
Сағиев Мажит Сағиұлы | - | Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері:
Минтаев Азат Спатайұлы | - | Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Тасымбаева Баян Тасымбайқызы | - | Медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайтын дәрігер – медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); |
Танкибаева Аслима Қуанышқызы | Азаматтарды әскери есепке тіркеу жөніндегі комиссия хатшысы (келісім бойынша); |
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 280 қаулысына 2-қосымша |
Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң қарамағына
бөлiнетiн техникалық қызметкерлер
Р/с | Мекеменiң аты | Қызметкерлер саны |
1 | Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi | 10 |
2 | "Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Құлсары жол дистанциясы филиалы (келiсiм бойынша) | 1 |
3 | "Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясы" филиалы (келiсiм бойынша) | 1 |
4 | "ҚазМұнайГазБарлау Өндіру" акционерлік қоғамының "Жылыоймұнайғаз"мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша) | 1 |
5 | "КазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасы (келісім бойынша) | 1 |
Қазақстан Республикасы “Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет” туралы Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлердiң Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнде өз мiндеттерiн атқарған уақыттарында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 280 қаулысына 3-қосымша |
2010 жылғы күзгі әскер қатарына
шақырылушылардың дәрiгерлiк комиссиядан өту
КЕСТЕСI
№ р/с | Поселкелiк, селолық аймақтардың атаулары | Комиссиядан өту күндерi |
қазан–желтоқсан | ||
1 | Жаңа-Қаратон | қазан-желтоқсан |
2 | Қара-арна | қазан-желтоқсан |
3 | Қосшағыл | қазан-желтоқсан |
4 | Жем | қазан-желтоқсан |
5 | Ақкиізтоғай | қазан-желтоқсан |
6 | Майкөмген | қазан-желтоқсан |
7 | Құлсары | қазан-желтоқсан |
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 280 қаулысына 4-қосымша |
Мекемелердiң кезекшi көлiктердi бөлу кестесi
Р/с | Мекемелердiң аттары | Кезекшi көлiк беру мерзiмдерi |
1 | "КазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Құлсары мұнай құбырлары" басқармасы (келісім бойынша) | Қазан–желтоқсан |
2 | "Kaz Petro Trans" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) | Қазан–желтоқсан |
3 | "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" акционерлік қоғамынының "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша) | Қазан–желтоқсан |
4 | Құлсары жүйелі газ өндіру басқармасы (келісім бойынша) | Қазан–желтоқсан |
5 | "Рип-газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) | Қазан–желтоқсан |
Ескерту. Кезекшi көлiктер кезекшiлiк ету күндерiнде таңертеңгi сағат 8зо-да толық жанар-жағар майымен Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнде болуы шарт.