2010 жылы аудан азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 113 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 2 шілдеде N 4-5-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
      2. Ауылдық және селолық округ әкімдері:

      1) жергілікті әскери басқару органдары арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді;

      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қашық жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту, оларды әскери қызметтен өтуге жөнелту үшін жеткізуді;

      3) шақыру(жинау)пунктерін дәрі-дәрмектермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сонымен қатар байланыс құралдарымен жабдықтауды;
      4) қажетті мөлшерде қызмет көрсету персоналдарымен және техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.

      3. Қызылқоға аудандық ауруханасына (келісім бойынша):
      1) шақыру кезеңінде аудандық дәрігерлік комиссияларды білікті дәрігер-мамандармен, орта медициналық персоналдар жиынтықтау ұсынылсын;
      2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде санын бөлу ұсынылсын;
      3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас азаматтарға медициналық көмек көрсетуді және олармен сауықтыру шараларын іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

      4. Қызылқоға аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) шақырудан жалтарған тұлғаларды жеткізуді, сонымен қатар шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Қ. Сәлімгереева) 2010 жылдың бекітілген бюджетіне сәйкес шақыру учаскесінде және жинақтау пункттерінде аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кері қайтуға, байланысты шыққан шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы                    М. Мұқанов
"КЕЛІСІЛДІ"

Аудандық аурухана бас дәрігері:
16.06.2010 ж.      С. Тайшыбай
 

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы:
16.06.2010 ж.      А. Рамазанов
 

Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы, полиция подполковнигі:
16.06.2010 ж.      І. Хамзин 

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

16 маусымдағы № 113 қаулысына

Қосымша № 1       
 

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Рамазанов Асылбек Бағытжанұлы

- Қызылқоға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы

- аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:


Бисенова Айгүл Утебалиевна

- Қызылқоға аудандық аурухана дәрігері (медициналық комиссиясының төрайымы), (келісім бойынша);

Жазықбаев Арман Аманжолұлы

- Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Жұмабаева Мейрамгүл

- Қызылқоға аудандық аурухана медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

16 маусымдағы № 113 қаулысына

қосымша № 2         
 

Аудандық медициналық комиссиядағы дәрігерлердің тізімі:

Аты-жөні

Қызметі

Қосымша

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

9
 
 10

Бисенова Айгүл Утебалиевна


Асанова Светлана Гатауовна


Бисенғалиев Нәби Қойбағарұлы


Акжамалова Жаниба Кубеновна


Елешов Аманжол Тугелбаевич


Көбенова Қарлығаш Бағытқызы


Жаңабаева Жанар Амангелдіқызы


Құрманова Гульвира Бағытжанқызы


Тайшыбай Сейфолла Саматович


Медбибілер

Медициналық комиссия

төрайымы

Дәрігер-стоматолог
 

Дәрігер-рентгенолог


Дәрігер-психиатр
 

Дәрігер–оториноларинголог

Дәрігер-фтизиатр
 

Дәрігер-терапевт
 

Дәрігер-офтальмолог
 

Дәрігер-хирург
 

6 адам


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады