Индер ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 183 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте № 4-6-107 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.11.2015 № 337 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Занының 27-бабын және Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы", 2010 жылғы 8 шілдедегі № 161 "Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру жэне қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар тәжірибесіне қатысушыларға орташа айлық аударымдар 20000 теңгені құрасын.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Индербор кенті, ауылдық, селолық округ әкімдерімен және жұмыс беруші мекемелермен бірлесіп, жастар тәжірибесіне арналган жұмыс орындарын ұйымдастырып және осы мақсатта бөлінген қаражатты толық, уақтылы игеруді қамтамасыз ету тапсырылсын.
      З. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күк өткен соң қолданысқа енгізіледі жэне 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Аудан әкімі Ж. Рахметқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады