1994 жылы туған Индер ауданының азаматтарын 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 110 шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 4-6-111 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілермен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылдың қаңтар–наурыз айларында тіркеуге жататын тіркелетін жылы 17 жасқа толатын 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
      2. Кенттік, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне ауданның барлық елді мекендерінде тұратын 1994 жылы туылған және есепке тіркелмеген ер азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктінде тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      3. Аудандық аурухананың бас дәрігеріне (А. Доспаева – келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркеуге шақырылғандардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу, негізгі және қосалқы құрамда дәрігерлік комиссия құру, оны қажетті маман медбикелермен толықтыру ұсынылсын.
      4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Б.Шакимов ), Индербор кент әкіміне (А. Саламат) тіркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін тіркеу уақытында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен 3 кісі (техникалық қызметкерлер) бөлу тапсырылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Құбайдуллин – келісім бойынша) тіркеуді өткізу уақытында шақыру пунктіне келмеген азаматтарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай–ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу ұсынылсын.
      6. Аудандық білім беру бөліміне (Б. Мусағали) тіркеу уақытында шақырылғандармен әскери–патриоттық шаралар, насихат жұмыстарын жүргізу және аудан бойынша 1994 жылы туылған азаматтардың тіркеу комиссиясынан өту кестесіне сәйкес оқу орындарындағы азаматтардың тіркеуден толық өтуін қадағалау тапсырылсын.
      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Б. Сұлтанов) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкерлермен келісім–шарт жасап, тіркеуге жататын азаматтарды селолық, ауылдық округтерден шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және тіркеудің өту қорытындысы жөнінде 2011 жылдың 5 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
      8. Аудан әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 104 «1994 жылы туған Индер ауданының азаматтарын 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеуді өткізу туралы» шешімінің күші жойылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтезбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                              Ж. Рахметқалиев

Келісілді:
Индер аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің бастығы:                    Б. Сұлтанов
27.12.2010 ж.
Аудандық ауруханының бас дәрігері:             А. Доспаева
27.12.2010 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімнің бастығы:          А. Құбайдуллин

27.12.2010 ж.

Аудан әкімінің     
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 110 шешіміне қосымша

1994 жылы туылған азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді
сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы

Сұлтанов Берік   - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
Қошпанұлы          тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Сұлтанұлы        - аудан әкім аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс
Омаш Мақсот        және мемелекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;

Комиссия мүшелері:

Бигамбаев Ерлан  - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет
Валерьевич         бабындағы орынбасары (келісім бойынша);

Қаражанова Күләш - аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары,
Құбайдоллақызы     комиссияның төрайымы (келісім бойынша);

Гильманова Роза  - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Кәрімқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады