Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 4-8-182 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2011.01.12 № 2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 және 44-баптарын, 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы Ережесін басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген 27-жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілсін.
      2. № 1 қосымшаға сәйкес, Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы (келісім бойынша) бекітілсін.
      3. № 2 қосымшаға сәйкес, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелушілерді дер кезінде медициналық комиссиядан өткізу кестесі бекітілсін.
      4. № 3 қосымшаға сәйкес, аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясының құрамы (келісім бойынша) бекітілсін.
      5. Аудандық қаржы бөлімі (Карсакова З.) 2010 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес, шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Қуанов Е. - келісім бойынша), "М. Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық туберкулез ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Ғазизов Б. - келісім бойынша):
      1) № 3 қосымшаға сәйкес, аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясына қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз ету;
      2) тіркеу барысында анықталған сырқат азаматтармен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлуді, сондай-ақ сырқат шақырылушыларды есепке алу және емдеу мекемелерінің жасөспірімдер кабинеттерінде олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) Сүйіндік, Азғыр, Шортанбай, Дыңғызыл, Ақкөл селолық округтеріне азаматтарды денсаулығын тексеруге қозғалмалы дәрігерлік куәландыру комиссиясын іс-сапармен жіберу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Сарбасов Ө. – келісім бойынша) шақырылушыларды шақыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген азаматтарды іздестіруді және Құрманғазы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру ұсынылсын.
      8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Әмірғалиев А.) азаматтарды тіркеу учаскесінің жұмысы кезінде Құрманғазы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұраныс бойынша техникалық жұмысшыларды бөлу жүктелсін.
      9. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары, Ғ. Қалиевке жүктелсін.
      10. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, алғаш ресми жарияланғаннан бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                       А. Такешев

      Келісілді:
      Сұлтанғалиев Жамбыл - Ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
                            бастығы;
      Сарбасов Өтепберген - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
      Қуанов Еркінбай     - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
                            коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                            кәсіпорынның бас дәрігері;
      Ғазизов Байтолла    - "М. Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық
                            туберкулез ауруханасы" коммуналдық
                            мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас
                            дәрігері.

Аудан әкімінің     
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне № 1 қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне
тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы

      Ескерту: 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - аудан әкімінің 2010.03.05 № 17 шешімімен.

Султангалиев Жамбыл

– Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;

Муса Абдуррахман

– Аудан әкімінің орынбасары,  төраға орынбасары;

Мүшелері:


Қаспанов Жангелді

– Аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары;

Нсанов Рахметолла

- Аудандық орталық ауруханасының  аға дәрігері–хирург, дәрігерлік комиссиясының төрағасы;

Красняк Татьяна

- Ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Әскери қызметшілерді келісім-шартпен жинақтау және әскерге шақыру бөлімшесінің аға көмекшісі, комиссия хатшысы

Аудан әкімінің    
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне № 2 қосымша

2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелушілерді
дер кезінде медициналық комиссиядан өткізу кестесі

Р с

Селолық округтер

Саны

Медициналық комиссиядан өткізу айлары

Ескертпе

1

Ганюшкин селолық округі

31

қаңтар



Абай орта мектебі

25

қаңтар



Әуезов орта мектебі

19

қаңтар



Бегалиев орта мектебі

22

қаңтар



Ганюшкин школ-интернат

4

қаңтар



Ломоносов орта мектебі

9

қаңтар



Лицей № 3

32

қаңтар



Техникалық мектеп

17

қаңтар


2

Еңбекші селолық округі

14

қаңтар



Еңбекші орта мектебі

14

қаңтар


3

Орлы селолық округі

9

қаңтар



Манаев орта мектебі

8

қаңтар


4

Мақаш ауылдық округі

5

қаңтар



Сәрсенбаев орта мектебі

14

қаңтар


5

Ақкөл поселкелік округі

10

қаңтар



Ақкөл орта мектебі

19

қаңтар


6

Қиғаш селолық округі

2

қаңтар



Қиғаш орта мектебі

8

қаңтар


7

Нұржау селолық округі

16

қаңтар



Нұржау орта мектебі

12

қаңтар


8

Дыңғызыл селолық округі

1

қаңтар



Нажмеденов орта мектебі

2

қаңтар



Нүрпейсова орта мектебі

16

қаңтар


9

Көптоғай селолык округі

4

қаңтар



Мұқанов орта мектебі

10

қаңтар


10

Шортанбай селолық округі

1

қаңтар



Шортанбай орта мектебі

19

қаңтар



Уәлиханов орта мектебі

4

қаңтар


11

Байда селолық округі

7

қаңтар



Крупская орта мектебі

10

қаңтар


12

Кудряшов селолық округі

6

қаңтар



Гоголь орта мектебі

10

қаңтар


13

Сафон селолық округі

8

қаңтар



Энгельс орта мектебі

8

қаңтар


14

Бірлік селолық округі

2

қаңтар



Имашев орта мектебі

13

қаңтар


15

Теңіз селолық округі

2

қаңтар



Гагарин орта мектебі

11

қаңтар


16

Киров селолық округі

15

қаңтар



Алтынсарин орта мектебі

16

қаңтар


17

Азғыр селолық округі

3

ақпан



Балқұдық орта мектебі

10

ақпан



Азғыр орта мектебі

7

ақпан


18

Сүйіндік селолық округі

2

ақпан



Сүйіндік орта мектебі

13

ақпан



Лабай орта мектебі

5

ақпан


19

Асан селолық округі

9

ақпан



Құрманғазы орта мектебі

10

ақпан



Момышұлы орта мектебі

6

ақпан


20

Қосымша күндер


наурыз


21

Барлығы

520



Аудан әкімінің    
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне № 3 қосымша

Аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясының құрамы

1. Нсанов Рахметолла


аға-дәрігер, хирург, комиссия төрағасы

2. Шарапиева Венера

-

тері дәрігері

3. Рамазанова Әлия

-

жасөспірімдер-терапевт

4. Досқалиев Алпысбай

-

жүйке жүйесінің ауруларының дәрігері

5. Кабулова Аида

-

көз дәрігері

6. Жандыбаева Айгүл

-

тіс дәрігері

7. Нұғманов Амангелді

-

фтизиатр, рентгенолог

8. Сисеналиев Талап

-

психиатр-нарколог

9. Харитонов Виктор

-

құлақ-мұрын дәрігері

10. Юсупова Нурлы

-

кардиолог

11. Кабуова Гүлнар

-

дәрігер-лаборант

12. Зинуллина Унзила

-

рентген-лаборант

13. Зинуллаева Эленора

-

лаборант

14. Азербаева Ария

-

лаборант

15. Хамзина Сандуғаш

-

медбике

16. Кабиева Гүлфара

-

медбике

17. Каримова Маржангүл

-

электрокардиографиалық медбикесі

18. Махаева Маржан

-

Санитарка, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады